Новости: Жетісу облысы

Жетісу облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Жетісу облысы】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
27 қараша 2024 / Новости Казахстана

«Жер сілкінісі». Жетісу облысында стратегиялық нысандарға мониторинг жасалды

Жетісу облысындағы жер сілкінісінен кейін стратегиялық нысандарға мониторинг жасалды. 4 балл дүмпуден зақым келген ғимараттар анықталмапты. Ошағы Жаркент пен Шонжы арасындағы аумақта тіркелген . Толқыны 250 шақырым жердегі Алматыға 2 балл болып жетуі — қозғалған тектоникалық қабаттардың тереңде орналаспауынан. 

arbat media
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Кибер-алаяқтар Жетісу тұрғындарын 516 млн теңгеге алдаған

Интернет-алаяқтарға алданып қалған Жетісу облысының тұрғындары 516 миллион теңгеден астам сомаға шығынға батқан. Облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы кибер-алаяқтыққа қатысты деректерді жариялады. 

arbat media
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында әйел су құбырының қазылған орнына құлап кетті

Кербұлақ ауданында әйел адам терең шұңқырға түсіп кеткен. Қараңғыда болған жазатайым оқиғаға қатысты аудандық әкімдік жауап берді. Оқыс оқиға Сарыөзек ауылында болған. Аманжолов көшесінде жарылған су құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқырға түнгі уақытта әйел адам түсіп кеткен. Әлеуметтік желіге жарияланған жазбаға Кербұлақ ауданы әкімдігі жауап берді. 

arbat media
25 қазан 2024 / Новости Казахстана

Абай және Жетісу облыстары Алматыға 350 тоннадан астам өнім әкеледі

25-26 қазан, осы демалыс күндері Абай және Жетісу облыстары Алматыға 350 тоннадан астам өнім әкеледі. Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Екі облыстың фермерлері қатысады. 

arbat media
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Ауылға жұмысқа орналасқан дәрігерлерге 10 млн теңгеден берілген

Жетісу облысында медициналық кадрларды тарту үшін алғаш рет ауылдық жерлерге жұмысқа келетін дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер төлене бастады, ал қалада жұмысқа орналасқан мамандар 5 млн теңгеден алады. Әлеуметтік қолдау пакеті мен қаржылық ынталандыру биылғы жылы 9 дәрігерді ауылдық медициналық ұйымдарға тартуға мүмкіндік берді, тағы 16 дәрігер облыс орталығында жұмыс істеуге қалды. Қазан айына дейін жұмысқа қабылданған тағы 45 дәрігерге осы жыл соңына дейін көтерме ақы төлеу жоспарланып отыр. 

arbat media
3 қазан 2024 / Новости Казахстана

80-ге жуық дәрігер Жетісу облысына қоныс аудармақ

Жетісу облысында медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу үшін биылдан бастап көтерме ақы төленеді. Енді өңірге келген дәрігерлер ауылдық жерде жұмыс істейтін болса, 10 млн. теңгеден және қалада жұмыс істеген жағдайда 5 млн. теңгеден алады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен жылы өңірде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 8%-ға төмендеген. 

arbat media
30 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында Латвия азаматтары тауға саяхатқа шығып, адасып кетті

Ақтау тауында төтенше оқиға болды. Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасып, топпен байланысын жоғалтып алған. Салдарынан ауқымды құтқару операциясы орындалды. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанға туристік фирма арқылы келген туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар бағыт-бағдар мен байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа райының бұзылуы мен қараңғы түсуі жағдайды қиындатты. 

arbat media
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланың денесі табылды

7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярды іздеушілер арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен тапқан. 18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ. 

arbat media
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.