20 жастағы жігіт қаза тапты: 9-сынып оқитын қыз күдікті
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ленгір қаласында адам өліміне қатысты қылмыстық оқиға тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.
24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы жиырмадан асқан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысқа күдік ретінде 9-сыныпты аяқтаған жасөспірім қыз қарастырылып жатыр.
Айтуларынша, ол Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: