Алматыда әйелі денесін өртеген полицей ісіне қатысты тергеу аяқталды
Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Іс материалдары сотқа жолдау мәселесін шешу үшін прокуратураға тапсырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның хабарлауынша, тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, яғни ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру дерегі бойынша жүргізілген. Алайда тергеу құпиясына байланысты Ішкі істер министрлігі оқиғаның өзге мән-жайларын жария етпеді.
Қайғылы оқиға 23 маусымда Алматы облысында болған. Көкпек – Көктал – Кеген тасжолының 52-шақырымында мал бағып жүрген тұрғын өртенген адамның мәйітін байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Кейін марқұмның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл болып қызмет атқарған Аслан Әлсеров екені белгілі болды. Оның оң қолынан арқанның қалдықтары табылған.