2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі
Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2024, 12:38

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған. Вице-премьердің атап өтуінше, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балабақшаларда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Оның аясында:

- ата-аналарға балабақшаларды өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі;

- барлық мектепке дейінгі ұйым (меншік нысанына қарамастан) заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырысқа өтінім беруге құқылы;

- қаржыландыру баланың балабақшаға бару фактісі бойынша жүзеге асырылады («баланың соңынан ақша» қағидаты);

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

«Тараз қаласында іске асырылған жобаның қорытындылары тек 2 айда (тамыз-қыркүйек) 600 млн теңгені үнемдеуге, балабақшаларға келмейтіндерді алып тастауға және ең бастысы балабақшаларда осы уақытқа дейін бірнеше жыл кезекте тұрған 2 жастан асқан 17 мыңнан астам баланы орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта пилоттық жоба Шымкент қаласында және Түркістан облысында жалғасуда. Келесі жылдан бастап оны барлық өңірде кезең-кезеңмен енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар пилотты іске асыру барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жабылу фактісі анықталған жоқ. Тек бала қатыспаған немесе жалған деректерге байланысты қаржыландырудың төмендегені байқалады», - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 13 тамызда «Атамекен» ҰКП аясында мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік жүйені енгізудің пилоттық жобасы талқыланды. Отырысқа жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құрылтайшылары мен қауымдастықтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысты.

«Отырысқа қатысушылар пилоттық жобаны іске қосуды қолдады және ваучерлік қаржыландыруға көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының ашықтығын қамтамасыз ете алады деген пікірмен келісті. Осыған байланысты ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асыру жалғасын табады», - деді вице-премьер.

2025 жыл ваучерлік қаржыландыру Балабақша

Тақырыпқа жаңалықтар