Новости: 2025 жыл

2025 жыл - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【2025 жыл】 жаңалықтар Arbat media
2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған. Вице-премьердің атап өтуінше, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балабақшаларда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу басталды. 

Оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады
14 қазан 2024 / Новости Казахстана

Оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады

Елордада Республикалық тарих олимпидасының ақтық мәресі өтіп жатыр. Ziyatker жастар ұйымы ұйымдастырған білімділер байқауында топ жарғандар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады. Республикалық олипиадаға еліміздің барлық өңірінен 8-12 сыныптың 1 000-нан астам оқушысы қатысқан болатын. Екі кезеңнен кейін үздік 30 оқушы ақтық сынға шығып отыр. Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, білім сайысы тарихқа әуес таланатты оқушыларды қолдау, сонымен қатар халықаралық олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін өткізіліп жатыр. 

Тәжікстан 2025 жылдың басынан бастап ТМД төрағасы болады
10 қазан 2024 / Евразия

Тәжікстан 2025 жылдың басынан бастап ТМД төрағасы болады

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәжікстан бұл қызметте Ресейді алмастырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) жаңа төраға болады. Мұндай шешім 8 қазанда Мәскеуде өткен ТМД қатысушылары мемлекет басшыларының саммитінде қабылданды.  Жиынға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Түркіменстан басшылары қатысты. 

2024 жылы инфляция – 8,4%, 2025 жылы 6,7% болады
5 қазан 2024 / Новости Казахстана

2024 жылы инфляция – 8,4%, 2025 жылы 6,7% болады

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады. Олар инфляция, жалпы ішкі өнім және базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын айтты. Сауалнаманың негізгі параметрлері ретінде Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты таңдалған. 

Bloomberg: Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды
25 қыркүйек 2024 / Мир

Bloomberg: Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды

Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы барлық бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат пен ұлттық экономиканы біріктіретін шығындардан да көп, деп атап өтті агенттік. Bloomberg Ресей әскерінің Украинаның шығысындағы баяу ілгерілеуіне байланысты Кремль әскери шығындарды көбейтіп жатыр деп болжайды. 

Ұлыбритания УҚК сарбаздарын оқыту бағдарламасын 2025 жылдың соңына дейін ұзартты
8 қыркүйек 2024 / Мир

Ұлыбритания УҚК сарбаздарын оқыту бағдарламасын 2025 жылдың соңына дейін ұзартты

Ұлыбритания Украина қарулы күштерінің сарбаздарын оқыту бағдарламасын 2025 жылдың соңына дейін ұзартты. Ұлыбритания Корольдік қарулы күштерінің стандарты бойынша украиндық әскерилерді оқыту бағдарламасы болып табылатын «Интерфлекс» операциясы 2024 жылы аяқталуы керек еді, бірақ елдің қорғаныс министрі Джон Хилидің жарлығымен тағы бір жылға ұзартылды, дейді Британ үкіметінің баспасөз хатшылығы. 

Бектенов 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиян енгізуді тапсырды
3 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Бектенов 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиян енгізуді тапсырды

Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілуі тиіс. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі жыл соңына дейін Заң жобасына тиісті нормалардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша нормаларды қамтамасыз етуі қажет. Цифрлық даму министрлігі Еңбек, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиянның енгізілуін қамтамасыз етсін. Тиісінше, 1 желтоқсанға дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту керек», - деді Үкімет басшысы. 

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы: кешенді жоспар әзірленеді
3 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы: кешенді жоспар әзірленеді

Биыл 15 қарашаға дейін Үкімет Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың кешенді жоспарын әзірлейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті. 

2025 жылдан бастап Украина Ресейден Еуропаға мұнай мен газ транзитін тоқтатады
30 тамыз 2024 / Мир

2025 жылдан бастап Украина Ресейден Еуропаға мұнай мен газ транзитін тоқтатады

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина Ресей Федерациясынан Еуропаға мұнай мен газ транзитін тоқтатады , деп мәлімдеді- Подоляк.  Жаңа жылдан бастап Ресей Федерациясынан Украина аумағы арқылы өтетін «Дружба» мұнай құбыры өз жұмысын аяқтайды, деп хабарлады Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Noviny Live арнасына берген сұхбатында,.