28 маусымға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі.
Астанада жаңбыр жауады. Ауа температурасы +21+23°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы +26+28°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-ге жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +32+34°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: