“481 миллион теңге жарнамаға жұмсаған”: Ерлі-зайыпты Тотақановтарың ісі бойынша тергеу аяқталды

Баласының еміне деп халықтан жылу жинап, қаражатты жеке бас пайдасына жұмсаған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметі бойынша, ерлі-зайыпты Тотақановтар денсаулығында кінәрат бар баланы бейнеге түсіріп, әсерлі жазбалар дайындағаү. Кейін бейнені Instagram және Facebook арқылы жарнамалап отырған. Сол арқылы айыпталушылар 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған. Алайда, баланың еміне тек 6,4 миллион теңге кеткен. Ал қалған қаражатты ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.

Олар елордадан 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған.

Ең сорақысы, қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігі — 481 миллион теңгеден астам ақшаны әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға жұмсаған. Meta Ads арқылы жүргізілген жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.

Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен бейне салған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген.

Күдіктілерге үйқамаққа алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Тотақанов Бала сал Ауру

Тақырыпқа жаңалықтар