Қазақстан жаңалықтары20 желтоқсан 2023, 18:00

7 тіл меңгерген сарбаз

Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар қатарында өнерімен және қабілетімен көптен озған дарындылардың бірі – полиглот Бағжан Болатұлы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық ұлан баспасөз қыз­метінің мәліметінше, 7 тілді меңгерген сарбаз «Шығыс» өңір­лік қолбасшылығына қа­расты №6699 әскери бөлі­міне Алматы қаласынан шақы­рыл­ған. Қатардағы жауынгер Түркияда білім алған.

«Мен орыс, ағылшын, түрік, әзербайжан, испан, француз, чех тілдерін білемін. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген нақыл сөз бар. Тіл үйрену ар­қы­лы сол ұлттың мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады. Менің полиглот болуыма Еуропада білім алуым әсер етті. Себебі ол жақта ара­ласқан адамдарым көп тілді білетін», дейді Бағжан Болатұлы.

Ол мерзімді әскери қыз­метін өткергеннен кейін әс­кери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етпек.

Қатар­дағы жауынгер әскери салада жүріп те шет тілін меңгеруге болады деген пікірде.

Да­рынды полиглот алдағы уа­қытта жапон, парсы тілдерін үйренуге пейілді.

«Тіл үйрену бо­­­­­­йынша жүйелі жоспарларым жазылған қойын дәптерім бар. Болашақта кемінде 10 тіл білгім келеді», дейді жас жа­уынгер.

полиглот Сарбаз Бағжан Болатұлы

Тақырыпқа жаңалықтар