Қазақстан жаңалықтары1 желтоқсан 2023, 14:26

8 мектеп Starlink спутниктік интернетіне тегін қосылды

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 53 мектеп салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

2023 жылдың басында облыста 52 үшауысымды мектеп болды. Биыл 14,4 мың орынға арналған 10 мектеп тапсырылды. 5-еуі жылдың соңына дейін беріледі. Келер жылы үшауысымды мектептер 39-ға дейін қысқарады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады», - деді өңір әкімі.

«Digital Bridge-2023» пилоттық жобасы аясында Starlink спутниктік интернетіне шалғай аудандардың 8 мектебі тегін қосылды. Нәтижесінде интернет жылдамдығы 8 МБит/секудтан 200-ге дейін артты. «Қолжетімді интернет» бағдарламасының аясында осы технологиямен тағы да 65 мектептегі интернеттің жылдамдығы арттырылады.

Starlink спутник тегін интернет Алматы облысы
10 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 қаңтар 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар