Новости: Алматы облысы

Алматы облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Алматы облысы】 жаңалықтар Arbat media
Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған
Вчера, 16:00 / Новости Казахстана

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған

Алматы облысының Балқаш аудандық сотында заңсыз лотерея ұйымдастырған Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында Н. өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі шексіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған. 

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері лауазымынан босатылды
20 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері лауазымынан босатылды

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Алматы облысының бірнеше жоғары лауазымды полиция қызметкері отставкаға кетті. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды. 

Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды
3 қазан 2024 / Новости Казахстана

Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды

Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram арнаны бұғатталғаны туралы хабарлады. 2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды. 

«Алатау жастары» бағдарламасы қашан басталады
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Алатау жастары» бағдарламасы қашан басталады

Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы басталады. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Анар Естияр айтты. 

Алматы облысында күйдіргі жұқтырған адам саны артып барады
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында күйдіргі жұқтырған адам саны артып барады

Алматы облысында күйдіргі жұқтырғандардың саны күннен күнге артып жатыр. Соңғы дерек бойынша, қауіпті дертке шалдықты деген күдікпен 16 адам ауруханаға түскен. 11-нің сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. Денесін жара басқан науқастар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылы эпидемия ошағына айналған. 

Күйдіргі дерті: Алматы облысындағы Үлкен Ақсу карантинге жабылды
6 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Күйдіргі дерті: Алматы облысындағы Үлкен Ақсу карантинге жабылды

Алматы облысындағы күйдіргі дерті анықталған ауыл карантинге жабылады. Себебі, бүгін Үлкен Ақсу ауылындағы сиырлардан алынған сынамадан да ауру белгілері анықталған.уы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі. 

Алматы облысының төрт тұрғынынан сібір жарасы анықталды
3 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысының төрт тұрғынынан сібір жарасы анықталды

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелді. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы аурудың тері түрі инфекцияның ең кең таралған түрі екенін және уақтылы емдеу кезінде қалпына келу мүмкіндігінің жоғары екенін атап өтті. Барлық пациенттердің жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде деп бағалануда. 

Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды
24 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды

Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты. ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушылар сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.

Балқаштағы аралда үш тоннаға жуық голландиялық каннабис табылды
15 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Балқаштағы аралда үш тоннаға жуық голландиялық каннабис табылды

Алматы облысының полицейлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шара аясында Балқаш өңірінде қарасора алаңын тапты. Есірткі плантациясы әуе барлауы кезінде анықталған.