Абай облысында мектеп бухгалтері өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Прокуратура мәліметінше, мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған. Сондай-ақ ол мектепте жұмыс істемейтін күйеуін де заңсыз түрде жалақы аударған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.
Аудан прокуратурасы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: