Абай облысында жол-көлік апатынан балалар зардап шекті
Абай облысында жол-көлік апатынан балалар зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Абай облысы, Үржар ауданы, Бестерек ауылында үйдің маңында ойнап жүрген балаларды көлік қағып кеткен. Оқиға салдарынан 3 бала қаза тауып, тағы 3 бала жарақат алған. Ал көлік жүргізушісі қамауға алынды. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның мас емес екендігі анықталды.
Президенттің тапсырмасы бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Абай облысы Үржар ауданына Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен реаниматолог, нейрохирург және травматолог дәрігерлерден құралған бригадасы жіберілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: