«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Оның айтуынша, өткен кезеңдердегі саяси қысымға қарамастан, қазақ тілі әдебиетшілердің, журналистердің, зиялы қауым мен қарапайым азаматтардың арқасында сақталып, дамуын тоқтатпаған.

Мемлекет басшысы қазір қазақ тілінің келешегіне қауіп төніп тұрмағанын атап өтті.

«Ал қазіргі таңда тіліміздің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп анық айтуға болады. Бүгінде қазақ тілі озық технологиялар саласына кең ауқымда еніп, заман талабына сай дамып келе жатыр», - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев OpenAI зерттеуінде қазақ тілі жасанды интеллект жүйелерінде қолданысы қарқынды артып келе жатқан тілдердің қатарына енгенін айтты. Сондай-ақ Yandex өнімдерінің бірін қазақ тілінде пайдаланушылар саны бір жылда 30 пайызға өскенін, ал Google компаниясы былтыр қазақ тілін Gemini моделіне қосқанын жеткізді.

Президент қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазақ тілі Зиялы қауым Қауіп

Тақырыпқа жаңалықтар