Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған байқаулар басталды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ұлттық байқаулар басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық арнаның көшпелі студиясы Қарауылдан тікелей эфирге шықты.

Бүгінгі күннің басты шарасы республикалық «Жеті қазына» мәдениет, спорт және туризм фестивалі басталды.

Сондай-ақ ұлттық сұлулық пен нәзіктікті дәріптейтін «Сұлу әйел» сайысы өтіп жатыр. Оған еліміздің әр өңірінен келген 25 бойжеткен қатысуда.

Ал аудандық Мәдениет үйінде «Ілім-білім: Абай оқулары» байқауында 25 үміткер ақын өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, Абай мұрасын насихаттауда.

Абай Құнанбайұлы Ақын 180 жыл

Тақырыпқа жаңалықтар