Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ол донорлық тақырыбына арналған деректі фильмді көргеннен кейін Facebook парақшасында жазды.

Балаеваның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 739 адам трансплантация күтіп отыр, олардың ішінде 125 бала бар. Сонымен қатар операциялардың шамамен 90%-ы тірі туыстық донорлар есебінен жасалса, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлық үлесі 10%-дан да аз.

«Егер бір күні жақындарымның алдында осындай таңдау тұрса, олардың өмір сүруге үміті үзілмеген жандарға мүмкіндік берудің қаншалықты маңызды екенін түсінгенін қалар едім. Жауапкершілікпен мәлімдеймін, мен қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімімді беремін» деп жазды Балаева. Вице-премьер донор болу туралы шешім әр адамның және оның отбасының жеке таңдауы болып қалуы тиіс екенін атап өтті.

донор Келісім Қазақстан Тансплантация
Кеше, 11:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:15 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар