Актер Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

«Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді», деп жазды ведомстводағылар.

 

Балтабай Сейітмамытұлы 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қастек ауылында туған. «Жүрегім ашық жақсыға» кітабының, жарияланған спектакль рецензияларының авторы.

Ол I. Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Е. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (Рахмет), С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П. Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), У. Шекспирдің «Даулы түнгі думан» (Тизей), М. Әуезовтың «Абай» (Айдар) спектакльдерінде ойнады.

 

Актер режиссер Балтабай Сейітмамытұлы Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар