Алматы маңында жер сілкінді

Алматы қаласынан 209 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін сағат 17:42-де Алматы қаласының маңында жер сілкіну дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 209 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәлімет:

Жетісу облысы Текелі қаласы - 2 балл;

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы - 2 балл.

жер сілкінді Алматы Қала балл

Тақырыпқа жаңалықтар