Алматы облысында мыңнан астам балаға ыстық тамақ берілмеген

Алматы облысында мыңнан астам балаға ыстық тамақ берілмеген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы облысының прокуратурасының тексеруі барысында 70-тен астам мектепте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 1 101 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмегені белгілі болды

Заңбұзушылықтар Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласындағы мектептерде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін барлық оқушы ыстық тамақпен қамтылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Алматы облыс Мектеп тамақ

Тақырыпқа жаңалықтар