Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер көз жұмды

«Алматы – Бішкек» автожолында болған жол апатынан 3 адам тіл тарпай кетті. Олардың екеуі — Үндістан азаматтары, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, көлікте болған екі үндістандық студент те көз жұмды.

Үндістанның Астанадағы елшілігі көлікте 4 үнді студенті және бір турсит болғанын хабарлады. Тағы 2 үнді студенті мен 1 турист ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Алматы облыс Жол апаты Үндістан

Тақырыпқа жаңалықтар