Алматы қаласында жер сілкінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Дүйсенбі, 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі сезілді.

Сейсмологтар Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болғанын мәлім етті.

Қазақстан ұлттық деректер орталығы порталының мәліметі бойынша, Қытайда 22 желтоқсанда таңғы сағат 2:16-да жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің афтершогы Алматы тұрғындарына да сезілді.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, Қазақстан мегаполисінде жер сілкінісі 2 балл-дан аспаған.

Алматы жер сілкінді Қала балл

Тақырыпқа жаңалықтар