Алматыда арнайы ХҚКО қызметкерлері көліктерді заңсыз тіркеуге көмектескен
ҚМА көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үш жыл бойы бір топ адам Алматыдағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, жалған тіркеу жүргізіп отырған.
Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен.
Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді.
Сот үкімімен үш кінәлі 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді.