Алматыда көлік жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып өлтірді
Алматыда көлік жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға бүгін түсте Наурызбай ауданында болған.
Range Rover көлігі Хигай көшесімен келе жатып, жолда жүрген баланы қағып кетті. 2013 жылы туған жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық іс қозғалды. 345-бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: