Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады
Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Апта бойы жауған жауын-шашын салдарынан Нүсіпбеков көшесінде көптеген ағаштың тамыры босап, шіріп кетті. Олардың бірі тоқтап тұрған машиналарға, соның ішінде патрульдік полиция көлігіне құлады», - деп жарияланды хабарламада , - деп жазады Kazinform агенттігі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай 7 мамыр сағат 11:15-те Медеу ауданында болды.
Қызметтік көлікте отырған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: