Оқыс оқиға

Оқыс оқиға - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Оқыс оқиға】 жаңалықтар Arbat media
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Бір тәулікте 11 жылқыны пойыз басып кетті

Жетісу облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті.  Осы жылдың 8 айында көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 417 дерегі тіркелді. Еліміздің темір жолдарында 1070 жануарды қағып кету фактісі болды, оның ішінде 355 бас жылқы, 191 бас ірі қара, 28 ұсақ мал бар. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, осы жылғы 31 тамызда Жетісу облысының Быжы — Бахша аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан жылқы малын көріп, тежегішті шұғыл тежеді. Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 8 бас жылқы пойыз астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тоқтауы 14 минутты құрады. 

20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматыда 11 жасар бала терең қазылған орға құлап кетті

Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туған бала құлап кетті. Оқиға орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шыққан.

8 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде жүк көлігінің астына кіріп кеткен мәшинедегі адам мерт болды

Самара — Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігі мен Toyota Ipsum соқтығысқан кезде бір адам көз жұмды. Тағы біреуінің жағдайы беймәлім. 

6 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Өскеменде селфи жасамақ болған әйел көпірден құлап кетті

Өскемен қаласында селфи жасамақ болған 33 жастағы әйел көпірден құлап кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасы үшін әдемі сурет түсіргісі келіп, көпірден суға құлап кеткен. 

24 маусым 2024 / Новости Казахстана

БҚО: Полиция қызметкері абайсызда өзін атып жараланды

Батыс Қазақстан полиция департаментінің ғимаратында полиция қызметкері оқ жарақатын алды.  Полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол облыстық полиция департаменті ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қаруынан өзін атып алған. 

29 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Ақтауда жеткіншек жартастан құлап кетті

Ақтауда жеткіншек 3-4 метр биіктіктегі жартас соқпағынан құлап кетті. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 А шағын аудандағы теңіз жағалауында орналасқан қонақ үйдің қасында болған.

24 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында ер адам терең шұңқырға құлап кетті

Алматы облысында ер адам тереңдігі 5 метр шұңқырға құлап кетті.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы жеке меншік үй аумағында 32 жастағы ер адам тереңдігі 5 метрге жуық шұңқырға құлап кетті.