Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Zeekr жүргізушісі СИЗО-ға қамалды

Алматыда үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апатына қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еске салайық, Әл-Фараби даңғылында болған апат салдарынан бір жігіт пен екі бойжеткен қаза тапқан еді.

30 наурыз күні заңгер Олег Чернов көлік тізгінінде Александр Пак болғанын растады. Жәбірленушілер тарапын қорғап жүрген адвокат БАҚ алдында сөз сөйлеп, тергеу барысы туралы мәлімдеді.

Бүгін Алматы қалалық ПД өкілдері жүргізушінің тергеу изоляторына қамалғанын растады. Ол резонанстық іс бойынша тергеу аяқталғанша қамауда болады. Тергеу жалғасуда.

Алматы Апат Қаза Жол

Тақырыпқа жаңалықтар