Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 13:16

Алты жұмысшы конвейермен бірге құлап кетті

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде жазатайым оқиғадан  алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде болған.

Конвейерлік учаске бастығы 6 қызметкерден тұратын бригадаға «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеу жөнінде жазбаша нұсқау берген.

«Стакердің» таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Бүкіл алты қызметкер Жезқазған қаласының медицина орталығына жеткізілді» деп мәлімдеді «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.

Екі қызметкер травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы бірқалыпты, ауырлық дәрежесі белгіленуде. Қалған төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Ұлытау облысы Жыланды Қазақмыс Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар