Әнші Абай Бегейдің қызы жазадан құтылды
Абай Бегейдің лотерея ойнатып істі болған қызы жазадан босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз лотерея ұйымдастырып, 162 млн теңге табыс тапты деген күдікке ілінген еді. Алайда кейін олар рақымшылыққа ілігіп, қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұған дейін ҚМА ерлі-зайыптылардың Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырманы бар аудиторияға лотерея ойнатқанын хабарлаған. Олар ресми тіркелген лотерея операторлары болмағанымен, автокөлік, пәтер және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтысқа тігетінін жариялап келген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: