Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да жазадан құтылып кетті
Оның әйелі шағымынан бас тартып, әншіге қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Биыл наурызда желіде оның өз әйелін соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді.
Ол кезде келіншек алдымен күйеуінің күш қолданғанын айтқанымен, кейін бұл сөзін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал болғанын жеткізді.
Тексеру нәтижесінде Тұрлыхановқа әкімшілік хаттама толтырылған.
Сот іс жүргізуді тоқтатып, жұбайының бастапқы арызын ескеріп, қылмыстық жауапқа тартатын әрекеттің бар-жоғын тексеру үшін істі прокуратура мен полицияға жолдаған.
Бұған дейін де Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін бірнеше рет айыпталып, 10 тәулікке қамалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: