Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Қайғылы оқиға Целиноград ауданына қарасты Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі маңында болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, көкпар азаматтардың жеке бастамасымен ұйымдастырылған. Бұл ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара ретінде тіркелмеген, сондай-ақ оны өткізуге жергілікті әкімдікке ешқандай өтініш

түспеген.

Алдын ала дерек бойынша, ойынға ересек адамдар қатысқан. 14 жастағы бала оқиға орнына туыстарымен бірге барған.

Ақмола облыс Қылмыс Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар