Ақмола облысында қарақшылар депутаттың үйін тонап кетті
Ақмола облысында қарақшылар депутаттың үйін тонап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желіде бетперде киген екі адам аудандық мәслихат депутатының үйіне басып кіргені туралы ақпарат тарады.
Онда отбасы мүшелерін қарумен қорқытып, жертөлеге қамағаны, үйді тонап кеткені айтылған.
Ақша, алтын бұйымдар мен қол сағаттарын, сондай-ақ көлікті алып қашып кеткен.
Облыстық полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Күдіктілердің кім екенін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: