Ақмола облысында соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды
Ақмола облысында соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.
Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды.
Аймақта соңғы екі жылда 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайған.