Ақтауда 5 баланың әкесі өзгені құтқарамын деп өзі мерт болды

Ақтауда 5 баланың әкесі суға батып жатқандарды құтқарамын деп өзі көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Каспий жағалауында болды. Құрық ауылының 39 жастағы тұрғыны Ерлан Шонтабаев Ақтау маңындағы демалыс базаларының бірінде суға батып бара жатқан үш демалушыны құтқарып, өзі қаза тапты.

«Марқұм достарымен бірге демалыс базаларының бірінде демалған. Оларға жақын маңда екі қыз бен екі жігіт демалып отырған. Олардың үшеуі теңізге түсіп, кейін суға бата бастаған, ал екінші жігіт көмекке шақырған. Ерлан көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, оларды құтқару үшін суға түскен. Қыздар өздігінен жағаға шыққан. Куәгерлердің сөзінше, Ерлан жігітті құтқаруға тырысып жатқанда, ол қорқып, Ерланның аяғынан ұстап алған болуы мүмкін. Осылайша екеуі де суға батып кеткен»- дейді куәгерлер.

Ерланның артында жұбайы мен бес баласы қалды, кенжесі небәрі 3 айлық.

Ақтау суға батты көп балалы ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар