Ақтөбе облысында оқушы белгісіз сұйықтық ішіп, ауруханаға түсті

Оқиға Қобда ауданындағы мектеп ғимаратында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

1-сынып оқушысы жертөлеге түсіп, ішінде белгісіз сұйықтығы бар ыдысты тауып алып, оны ішіп көрген.

Мұғалім оқушыдан жанармайдың иісі шығып тұрғанын байқап, сұрақ қоя бастаған соң ол болған жайтты айтып берген.

Оқушы үйіне жеткеннен кейін құса бастаған. Анасы баланы ауруханаға апарып, дәрігерлер асқазанын тазартты.

Қазір оқушының жағдайы жақсы. Ауруханадан шықты.

Оқушы Меткеп сынып сұйықтық

Тақырыпқа жаңалықтар