Ақтөбеде 4 адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 3 тамыз күні сағат 1.30 шамасында Алға – Ақтөбе тас жолында болған. Жол бойында Toyota Camry және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Camry-дің төрт жолаушысы қайтыс болды. Camry жүргізушісі мен Highlander көлігіндегі бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, тиісті сараптамаларды тағайындады.

 

Ақтөбе Жол апаты жолақ Көлік
Кеше, 21:21 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:31 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар