Әскерде жараланған Ербаян Мұхтар Түркиядан елге оралды

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтар Түркиядан елге оралды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы оның заңды өкілі Инга Иманбай хабарлады.

"Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін, Ербаян қайтадан Стамбұлға барып, емінің реабилитациялық бөлігін жалғастырады", – деп жазды Инга Иманбай.

Ербаян Мұхтар 2023 жылы көктемде әскерге алынған. Ол Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген.

Бірақ сол жылы желтоқсанда әскердегі әжетханада жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен. Төрт айдай ес-түссіз жатып, 2024 жылы мамырда оянған. "Сарбаз әжетханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды" деген әскери басшылықтың мәлімдемесіне жігіттің ата-анасы сенбейтінін айтып, оның еміне жұрттан көмек сұраған.

Ербаян Мұхтар Әскер түркия Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар