Астана маңында жантүршігерлік ұшақ апаты болып, адамдардың бәрі қаза тапты
Кеше, 17 тамызда Астана маңында жеңілмоторлы жеке ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көліктегі полиция департаменті оқиғадан екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: