Астана - Петропавл жолында жантүршігерлік апат болды

Астана - Петропавл тасжолында Kia K5 және Volkswagen Passat маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 16 тамызда мәлімдеді.

Жол апаты Көкшетау мен Щучинск қалаларының арасындағы автожолдың 277-шақырымында болған.

"Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Kia K5 жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Астана Жол апаты Қаза Адам
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар