Астанада екі ай ішінде 35 келіден астам есірткі тәркіленді
Астанада екі ай ішінде 35 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.Media.
1 маусымнан бастап елордада «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер 195 есірткі құқықбұзушылығын анықтап, 28 таратушы ұсталды, шамамен 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ есірткіні жарнамалаған 302 сайт бұғаттауға жолданып, 2 млн теңгеден астам қаржыға қатысты 173 банктік шотқа тыйым салынды.
Жыл басынан бері Астанада 276 дерек тіркеліп, шамамен 400 келі тыйым салынған зат тәркіленген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: