Астанада құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің ауласында кіреберісті көлігімен жауып тастаған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тұрғын үй кешенінде ереже бұзып қойылған көлік оқиға орнынан жедел түрде алынып тасталған.

Жүргізушінің жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және төтенше қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады», деп хабарлады ПД.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні елорданың Есіл ауданында, Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты. 20 адам эвакуацияланды, алайда пәтер ішінен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Сонымен қатар, күйік алған анасы ауруханаға жеткізілді.

Астана Өрт Апат Бала
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар