Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті
Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға 18 тамызға қараған түні болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін ескермей, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі адамды қағып кеткен. Жұмысшылардың бірі көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады», деп хабарлады полиция.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: