Астанадағы автобус апаты: Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Астанада 2 маусым күні бағанға соғылған автобус жүргізушісі жазаға тартылмайды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ол «Рақымшылық туралы» заң негізінде қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш білдірген. Енді сотталмайды, дегенмен «қылмыстық іске тартылды» деп есептеледі.
Еске салсақ, осы автобус апатынан 15 адам жарақат алған еді. Ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 8 жасар Алуа Бекеннің аяғына ампутация жасалды. Полиция департаменті сол кезде «жүргізуші көлікті басқара алмай қалды» деп ақпарат таратты. Рақымшылық жасалмаған жағдайда айыпталушы 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: