Қазақстан жаңалықтары3 қаңтар 2024, 11:00

Атырау облысында балық қырылып жатыр

Атырау облысындағы Соленое каналында балық қырылып жатыр. Қазір су маржанының қырылу себебін тексеру басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ақпаратына сүйенсек, бүгін, 2 қаңтарда аталған каналда балықтың қырылғаны туралы ақпарат түскен.

«Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балықтың қырылғаны анықталды. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін бүгін, 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға орнына аттанып кетті», - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Мамандардың түсіндіруніше, балықтың қырылу себебі әзірге белгісіз. Оның себебі судан алынатын сынаманың қорытындысынан соң белгілі болады.

Атырау Соленое Балық Қырылу
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар