 
                                                                                                                 
                                                                                                                             14 сәуір 2024
                                                                /  Новости Казахстана
                                                                                                                    
                                                        Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болды. Ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды.