Атыраудағы қанды қылмыс: Марқұмдардың қызы психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Атырау облысында өз отбасының өліміне күдікті әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұны Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты.
Қазір тергеу жүріп жатыр екен.
Әділовтың сөзінше, Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Ол да күдікті ретінде танылған.
Бұған дейін Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталғаны айтылған еді. Ол бұрынғы әйелінің ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: