“Дарынсыз”: Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваға ауыр айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Меруерт Түсіпбаеваның айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әншінің айтуынша, Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермеуі және дәстүр мен мәдениетті терең білмеуі – мұндай тарихи әрі рухани маңызды туындыларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ұлттық классикаларды түсіру жұмысына мәдениетті, дәстүрді, тілді шын мәнінде түсінетін, кәсіби білікті мамандар тартылуы керек», – деп жазды өнер иесі.

Ал продюсер айтылған сынға қысқа жауап қайтарды.

«Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады», - деп жазды Б. Алагөзова.

Баян Меруерт сөз тигізді

Тақырыпқа жаңалықтар