Джей Лоның командасы Алматыға ризашылық білдірді
Джей Лоның командасы Алматыға ризашылық білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дженнифер Лопестің командасында өнер көрсететін америкалық әнші Шэрон Алматыға гастрольдік тур аясында келіп, әлеуметтік желіде қызық оқиғасын бөлісті.
Ол сторисінде "Қазақстан" шоколадтарын қайдан іздеуге болатынын сұраған.
Көп ұзамай, әнші тоқтаған қонақүй қызметкерлері оның нөміріне "Қазақстан" шоколадтарын әкеліп берген.
"Бүгін біз Алматыдамыз, мына көрініске бір қараңыздаршы! Мұнда келгеніме қатты қуаныштымын. Міндетті түрде демалыста қайта келіп, отбасымды алып келемін", – деді Шэрон.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: