Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға желілерге тіркелуге шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салудың жолдары зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Баланың жасын анықтаудың нақты техникалық тетіктері мен верификациялау әдістері қоғамдық талқылаудан кейін бекітіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндіруінше, шектеу тек әлеуметтік желілерге қатысты. Атап айтқанда - TikTok, Instagram, Facebook, Threads, Х (бұрынғы атауы Твиттер) және Вконтакте желілеріне тыйым салынады. Ал WhatsApp және Telegram сияқты мессенджерлер жасөспірімдер үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта заңдағы шектеу ашық порталда жарияланып, көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Заң тек мақұлданған жағдайда ғана күшіне енеді.

Қазақстан Желі Жастар тыйым
Кеше, 11:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:41 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар