Елімізде 20 мың жұп бедеулікпен есепте тұр

Елімізде 20 мың жұп бедеулікпен есепте тұр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осы орайда дәрігерлер денеден тыс ұрықтандыруға квотаны көбейтуге шақырады. Сала мамандары жыл сайын бала туу көрсеткіші төмендеп жатқанын алға тартады. Қазақстанның бас репродуктологы Вячеслав Локшинның айтуынша, статистика бойынша жылына 20 мың жұп «бедеулік» диагнозымен есепке тұрады. Олардың жартысына ем-дом жасап, дәрі-дәрмекпен көмектесуге болады.

Ал қалғанына балалы болу үшін қосымша репродуктивті технологияларды қолдану керек. Професссордың сөзінше, 52% жағдайда отбасылық жұп ер адамдардың денсаулығына байланысты экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгінеді.

бедеулік есеп Қазақстан Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар