Қазақстан жаңалықтары16 маусым 2024, 0:38

Еліміздің жеті өңірінде құрғақшылық басталады

Қазгидромет қауіпті агрометеорологиялық құбылыс туралы ескерту жариялады. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында алдағы 10 күнде құрғақшылық болады деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

- Атырау облысы аймағында, Жамбыл облысының Шу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Ақтөбе облысының Шалқар мен Байғанин аудандарында, Түркістан облысының Арыс, Кентау, Отырар, Созақ аудандарында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық басталады, - дейді синоптиктер.

Маусымға ауа райы болжамы жарияланды. Маусым айында 9 облыста құрғақшылық күтіледі.

жеті өңір Қазақстан құрғақшылық ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар