Ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды

Оқиға Қарағандыдағы "Горняк" базары маңында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Куәгерлердің айтуынша, саудагерге өз контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеген. Осыдан кейін базар әкімшілігімен жанжал туындап, жағдай ушығып кеткен. 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет жеткен. Ер адаммен полицейлер мен әкімдік өкілдері сөйлескен. Ер адам сөзге келіп, райынан қайтқан. Сосын ол әкімдікке жеткізілген.

Қарағанды Өрт Адам Әкім

Тақырыпқа жаңалықтар